2021 жылдың 29 қазанында "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ және  "Прииртышье" өлкетану қоғамымен бірлесіп, өз өмірін Семей өңірінің тарихын зерттеуге арнаған белгілі өлкетанушы-тарихшы, жазушы, КСРО Журналистер одағының мүшесі Виктор Николаевич Кашлякқа арналған архив қабырғасында дөңгелек үстел өтті.  2021 жылы ол 70 жасқа толар еді. Көптеген жылдар бойы Виктор Николаевич Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығымен тек архивтік құжаттарды анықтау мақсатында ғана емес, жеке қоры жеке текті қорлардың қазынасында лайықты орын алатын қор ұстаушы ретінде ынтымақтасқан.
Іс-шараға "Прииртышье" өлкетану қоғамының мүшелері М. Е.Сасанов, П.Н. Жуков, Е.В. Гуляева, сондай-ақ Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының директоры Б. Т. Мусин, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Кадырова, толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің архившісі Н. В. Яковлева қатысты.
Еске алу кешінде қатысушылардың әрқайсысы Виктор Николаевичпен бірлескен жұмыс, кездесулер туралы естеліктерімен бөлісті.