2021 жылғы 3 қарашада ШҚО "Цифрландыру және архивтер басқармасы" ММ тапсырмасы бойынша "ҚЗТҚО" КММ-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің алғашқы "Архив саласының үздігі" төсбелгісі  Гүлнар Төлеуқызы Қасымоваға табыс етілді.

image-656-888.jpg

Архив саласындағы көп жылғы адал еңбегі және Қазақстан Республикасының мәдени мұрасын сақтауға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жоғарыда аталған марапат берілді.

image-656-889.jpg

Қасымова Г. Т. архив ісіне 40 жыл уақытын арнады, оның 29-ы облыстық мемлекеттік архивтерде және архив саласын да басқарды.

image-656-890.jpg

ҚЗТҚО ұжымы Гүлнар Төлеуқызын лайықты марапатымен құттықтап, зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

image-656-887.jpg