04 қараша 2021 жылы Әлихан Бөкейхан университетінің қабырғасында «Тарих ақтаңдақтары» саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасы» аясындағы «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін: себептері және салдары» тақырыбындағы Республикалық ғылыми практикалық конференциясы өтті.

image-657-893.jpg

Аталмыш шараға ҚР Парламенті мәжілісінің Депутаты, Саяси құғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніңдегі мемлекеттік комиссия мүшесі Берік Әбдіғалиұлы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Әбжанов Хангелді Махмұтұлы,

image-657-894.jpg

Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.к., профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы, «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ директоры Мусин Б.Т. және ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Л.Қ. тағы да басқа республиканың барлық өңірлерінен тарихшылар қатысты.

image-657-891.jpg

image-657-892.jpg

Осы ғылыми практикалық конференцияда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия жұмысының маңыздылығы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмысты, жаңа архив материалдарын анықтау, жинау және талдау жөніндегі жұмыс топтарын ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру, жабық қорларды құпиясыздандыру, оларды ғылыми айналымға енгізу, толық ақтау процестерін аяқтау үшін ұсыныстар айтылып талқыланды.