2021 жылғы 12 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ «ШҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қаласының №2 бөлімі инспекторлары үшін «ҚЗТҚО» КММ архившілері Аубакирова М. мен .Есергепова З. онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында «ҚЗТҚО»КММ қызметкерлері ХҚКО  мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ  филиалының мамандарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен таныстырды.

Электрондық үкімет порталы, арқылы бір реттік пароль және Электрондық қызмет көрсету орталығы https:e-vko.gov.kz  (ЦЭУ) арқылы мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді жеңілдету азаматтар үшін жауап алу рәсімін барынша ыңғайлы етеді, уақытты үнемдейді, әкімшілік кедергілерді еңсеруге және компьютерлік сауаттылықты арттыруға қызмет етеді.

«ҚЗТҚО» КММ осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және жетілдірілуде, халық мемлекеттік қызметтерді алудағы жаңалықтарды тез игеруде. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.