«ІІ Қасымбаев оқулары»

25 қараша 2021 жылы Семей қаласының облыстық тарихи – өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына арналған «ІІ Қасымбаев оқулары» атты  ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

image-660-900.jpg

Аталған шараға қаланың белгілі тарихшылары, өлкетанушылар, мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар, археологтар, Қазіргі  заман тарихын құжаттандыру орталығының қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.

image-660-901.jpg

Концеренцияда А.И.Исин, Р.Ж.Мұхамеджанова,  Е.Е.Рахметуллин, А.С.Жүнісханов,  П.Н.Жуков және тағы басқа зерттеушілер баяндама жасады.

image-660-902.jpg

«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова «Императорлық орыс географиялық  қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің шығарған басылымдары» атты баяндама оқыды.

image-660-903.jpg

Шара соңы «Семей өлкесі: табиғат, тарих, мәдениет» І-облыстық жастар ғылыми өлкетану конференциясы жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды.