|
2020 жылдың 26 қараша күні "ҚЗТҚО" КММ қызметкерлері Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының мамандары үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шолу экскурсиясын өткізді. ҒАА бөлімінің қызметкерлері архив тарихы туралы айтып, ҚЗТҚО шығарған жинақтармен таныстырды, газеттердің ескі тігінділерін, архив қорында сақталған құжаттарды көрсетті. Ескі Семейдің фотосуреттері ерекше қызығушылық тудырды. Қонақтардың назарына "Тұратай Иісованың туғанына 90 жыл" атты фотокөрмесі ұсынылды. Экскурсия үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар көптеген сұрақтар қойды. Іс-шара архив қоймасына барумен аяқталды. |