Құрметті жерлестер!

Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мереке –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтаймыз!

1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Егемен Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихқа әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде енді. Оның стратегиялық ойлауы мен көреген саясаты қазақстандықтарды таңғалдырып, оған деген шынайы құрмет сезімін оятады. Тұңғыш Президент күнін атап өте отырып, ұлт Көшбасшымызға, оның Отанымыздың қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз.

Әр отбасына шын жүректен зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық, Қазақстан республикасының одан әрі өркендеуі үшін еңбекте табыс тілейміз!