|
2021 жылдың 9 желтоқсан күні «ҚЗТҚО» КММ қызметкерлері Л.Қ.Қадырова және А.Н.Мұсаханов Alikhan Bokeikhan University қабырғасында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай «Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл: қорытындылар мен зерттеу перспективалары» атты диалог алаңына қатысты. Іс-шараның мақсаты – Семей сынақ полигонының мұрасын кең көлемді ғылыми, әлеуметтік және қолданбалы зерттеулер шеңберінде одан ары зерделеу мәселелерін талқылау. Аталған шараға зерттеуші ғалымдар, ғылыми зерттеу ұйымдарының мамандары, жоғары оқу орындарының профессорлық оқытушылық құрамы мен білім алушылары, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері қатысты. ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова архив қорындағы сақталған құжаттар негізінде «Семей ядролық полигонының құжаттары» тақырыбында баяндап берді. Дөңгелек үстел барысында Семей ядролық сынақ полигонының тарихымен байланысты оқиғалар талқыланды.
|