|
2021 жыл 10 желтоқсан күні Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің қабырғасында белгілі тарихшы, ғалым, археолог, профессор А.И.Исиннің 70 жылдығына арналған халықаралық форум өтті. Мерекелік шараға тарихшы ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлық оқытушылық құрамы, қаланың зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Университет ішінде тарихшы-ғалым Амантай Исаұлының ғылыми кітапханасы ашылды. Осы кітапхана қорына ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ атынан «Дәуір сақтаушылары – Хранители времени» атты жинағын табыс етті.
Аталмыш шара шақырылған қонақтардың жылы лебіздері мен мерекелік құттықтаулармен аяқталды. |