|
2021 жылғы 10 желтоқсанда "ҚЗТҚО" КММ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған " Прииртышье " өлкетану қоғамымен бірлескен іс-шара өткізілді Іс-шараны «ҚЗТҚО» КММ директоры Б.Т.Мусин ашты. Ол "Прииртышье" өлкетану қоғамына көпжылдық ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді, осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. ҒАА бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырова қатысушыларды қонақтармен таныстырды және "Прииртышье" өлкетану қоғамының мүшесі Куряшкин Андрейге сөз берді. Ол қаламыздың әуесқой фотографы Н.А.Мовчанның бірегей фотосуреттерін көрсетті. Фотосуреттерді түсірген автор Н.А. Мовчан қаланың көрінісін бейнелейтін суреттердің тарихына тоқталды. Николай Алексеевич өзінің хоббиі – өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері айналысқан фотосы туралы айтты. Өзінің туған қаласының тарихы бейнеленген бірегей фотоүлдірлер топтамасын Н.А. Мовчан мемлекеттік сақтауға тапсырды. Енді коллекция "ҚЗТҚО"КММ-де мемлекеттік сақтауда болады. Орталық қызметкерлері Н.А. Мовчанға ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. |