2022 жылдың 5 сәуірінде КММ "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері № 30 орта мектеп оқушыларына сабақ және архив ішіне шолу экскурсиясын өткізді.

Археограф Д.Т. Қасым архивтің тарихы туралы баяндап, архив қорларында сақталған 1917 жылғы құжаттарды көрсетті, М. О. Әуезовтің жеке қолы қойылған құжатқа ерекше назар аударды, ҚЗТҚО шығарған жинақтармен таныстырды, газеттердің ескі тігінділерін көрсетті. Қонақтар назарына екі көрме ұсынылды. Біреуі 60-80 жылдардағы біздің қаламыздың көрінісі, екіншісі Орыс Географиялық қоғамының 120 жылдығына арналған. Бұрын архивта қолданылған ескі жабдықтардың экспонаттары балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Іс-шара архив қоймасына барумен аяқталды.