2022 жылдың 13 сәуірінде "ҚЗТҚО" КММ "Alikhan Bokeikhan University" білім беру мекемесінің үшінші курс студенттеріне ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова Семей Орыс Географиялық Қоғамының 120 жылдығына арналған дәріс оқыды.

image-681-953.jpg

Орыс Географиялық қоғамын  құру бастамашыларының бірі Н.Я. Коншинге ерекше назар аударды,

image-681-954.jpg

ҚЗТҚО басып шығарған "Дала өлкесін зерттеуші" және "Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс–Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің жазбалары" жинағымен таныстырды.

image-681-955.jpg

Архивист А.Б. Бижанова  студенттерді "Орыс географиялық қоғамына 120 жыл" атты көрмесімен таныстырды, онда ОГҚ мүшелерінің фотосуреттері, бөлімше орналасқан ғимарат, Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс–Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің жазбаларының алғашқы шығарылымдары, 1902 жылғы 31 Наурызда берілген Б. Г. Герасимовтың мүшелік билеті ұсынылды.

image-681-956.jpg

Іс-шара архив бойынша шолу экскурсиясымен аяқталды.