|
2022 жылдың 20 сәуірінде "ҚЗТҚО" КММ ҒАА басшысы Л.К. Қадырова «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж» ұжымының қызметкерлеріне сұхбат берілді. Бөлім басшысы Л.Қ.Қадырова, педагог, ағартушы, этнограф, аудармашы, Орыс Географиялық қоғамының белсенді мүшесі, Семей семинариясының оқытушысы, Ұлы Абай поэзиясын қадірлеуші, алғашқы әйел – журналист Назипа Құлжанова туралы айтып берді. Семейдегі Н.С. Құлжанованың қызметі туралы «ҚЗТҚО»да сақталған құжаттармен таныстырды. Алашорданың көрнекті қайраткерлеріне арналған "Алаштың алыптары" фото құжаттық альбоммен таныстырды.
|