2022 жылдың 22 сәуірінде «ҚЗТҚО» КММ Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің 120 жылдығына арналған «Дөңгелек үстел» өтті.

image-685-967.jpg

Дөңгелек үстел жұмысына «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері, жалпы білім беретін мектептердің тарих пәнінің мұғалімдері, қаладағы жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары қатысты.

image-685-968.jpg

Шараның мақсаты: Шығыс Қазақстанды зерттеудегі өлкетанушылардың рөлі туралы баяндау.

Модератор ҒАА құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы  Л.Қ. Қадырова  «Дөңгелек үстел» қатысушыларын таныстырып, «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы М.Е. Сасановқа сөз кезегін берді.

image-685-969.jpg

Ол өлкетану қоғамының жұмысы, экспедициялар кезіндегі таңғажайып олжалар туралы айтып, «ҚЗТҚО» КММ «Прииртышье жазбаларының» алғашқы басылымын сыйға тартты. Кездесу жылы және достық жағдайда өтті, қонақтар архивтің ұлттық тарихты сақтаудағы үлкен рөлін атап өтті.

image-685-970.jpg

Шара соңында «ҚЗТҚО» КММ директоры Б.Т Мусин қонақтарға бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, архивтің 100 жылдығына шығарылған «Дәуір сақтаушылары» атты құжаттар жинағын табыс етті.