«Өткенді білмей – болашақты құра алмайсың» деген сөз кездейсоқ айтылмаған, бұл туралы "ҚЗТҚО" ұжымы жақсы біледі, сондықтан өз ардагерлеріне құрметпен қарайды, олармен үнемі байланыста болады.

image-733-1021.jpg

Міне, "Қазақстан халқының бірлігі күні" мерекесі қарсаңында "ҚЗТҚО" КММ басшылығы кәсіподақ ұйымымен бірлесіп Архив ардагерлерін, Қусаинова Н.Ә., Түсүпжанова Қ.Т., Абжанова Н.Е. құттықтады.

image-733-1022.jpg

Н. Е. Абжанова "ҚЗТҚО 100 жылдығына" мерекелік медальмен марапатталды.

Н.Ә. Қусаинова мен Қ.Т. Түсүпжанова архивтің 100 жылдығына орай "ҚЗТҚО" шығарған "Дәуір сақтаушылары" атты құжаттар жинағын сыйға тартты.

Ардагерлерге орталықтағы көпжылдық еңбегі үшін алғыстарын білдіріп, зор денсаулық және лайықты демалыс тіледі.