|
2022 жылғы 12 желтоқсанда филология ғылымдарының докторы, саяси қуғын - сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Әнес Ғарифолла Қабдолқайырұлы және Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Слямбеков Қымбат Берікұлымен "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" КММ –де кездесу өтті. Әнес Ғ. Қ. және Слямбеков Қ. Б. "Свободная речь" (1917-1918 жж.), "Воля народа" (1917-1918 жж.), "Семипалатинские ведомости" (1918 ж.) атты түпнұсқа газеттерімен танысты. Әнес Ғарифолла Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының өкілдерімен кездесіп, музейлер мен архивтердегі ғылыми - зерттеу қызметін дамыту жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына тоқталды. Келген қонақтарымыз архив құжаттарын басып шығару, жас архившілерді ғылыми жұмысқа тарту бойынша перспективалық бірлескен жобаларды талқылады.
|