|
16 желтоқсанда еліміз мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін атап өтеді. Осы атаулы күнге орай, "ҚЗТҚО" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі тақырыптық іс-шаралар өткізуді жоспарлады. 2022 жылғы 14 желтоқсанда ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Шәкәрім атындағы университет" КЕАҚ студенттеріне «Ата-Бабам аңсаған тәуелсіздік» атты дәріс оқыды. Студенттерге «ҚЗТҚО» КММ, 1917 жылдан бастау алатын қорлар туралы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын бейнелейтін құжаттар және түпнұсқа газет қорымен таныстырды. Қонақтардың назарына: "16-желтоқсан Тәуелсіздік күні!" атты фотокөрме ұсынылды.
|