2022 жылғы 14 желтоқсанда "Шәкәрім атындағы университет" КеАҚ  студенттеріне «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырова ҚазССР-нің Еңбек сіңірген дәрігері, Ұлы Отан соғысына қатысушы А.А. Қозбағаровтың туғанына қараша айында 105 жыл, Ә.Нұршайықов - майдангер ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері, журналист, Қазақ КСР Халық жазушысының туғанына желтоқсан айында 100 жыл және Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Н.Н. Силиннің туғанына 10 желтоқсанда 100 жыл толуына орай кеңейтілген дәріс оқыды. 

image-822-1200.jpg

Студенттерге «ҚЗТҚО» КММ-да сақталған А.А. Қозбағаров пен Н.Н. Силиннің жеке қорлары туралы айтылып, «Дарю тебе жизнь....», «Всегда в строю», «Герои Советского Союза - семипалатинцы» атты брошюралармен таныстырды.

image-822-1201.jpg

Шара соңында «Дәрігер Алаш Қозбағаровтың туғанына 105 жыл»  және «Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл" атты  бірегей фотокөрмелер ұсынылды.

image-822-1202.jpg