|
Құрметті жерлестер! Осыдан 31 жыл бұрын біздің еліміз тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне, Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан бейбіт ел ретінде әлемдік атақ пен беделге ие болды. Тәуелсіздік жылдарында еліміз үлкен жетістіктерге жетті. 31 жыл ішінде елімізді шығармашылық, зияткерлік жетістіктерімен дәріптейтін Бостандық, жетістік рухын сіңірген жаңа ұрпақ өсіп жетілді. Қазақстанда әрқашан бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністік орнасын. Әр Отбасына өркендеу, амандық, бейбіт аспан тілейміз. |