22 желтоқсан-Архивші күні

Архив - бұл тарихымыздың түп тамыры, қайнар бұлағы.

Архивші – құнды құжаттардың нақты сақтаушысы.

22-желтоқсан 2022 жылы Қазақстан Республикасы Архиві ісі қызметкерлерінің күніне орай Абай облысы мәдениет тілдер дамыту және архив іс басқармасының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ-нің Аягөз филиалында мерекелі жиын өткізілді. Жиында адал еңбегі кәсіпқойлық және архив ісін дамыту мен жетілдіруінде ерекше үлес қосқаны үшін Биязкенова Назерке Еркіновнаны Аягөз филиалының директоры Куренкеев Канағат Селеубаевич марапаттады.

Бүгінгі атаулы «Архивші күні» кәсіби мерекесімен барша Қазақстан Республикасы бойынша ерен енбек етіп жүрген архившілерді құттықтаймыз!