|
2022 жылғы 22 желтоқсанда "ҚЗТҚО" КММ-де "Тарихты адамдар жасайды, ал архившілер сақтайды" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті Дөңгелек үстелге: Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны сақтау, архив ісі және құжаттама бөлімінің басшысы Ф.А.Хусаинов, «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы М.Е.Сасанов, «Абай облысы Семей қалалық прокуратурасы» ММ бас маманы Қ.К.Жаилганова, ҚР Спорттық журналистер федерациясының мүшесі, Семей қаласы қазақ футболы музейінің меңгерушісі С.С.Сарсеков, Шәкәрім университетінің оқытушысы тарих ғылымдарының кандидаты Т.А.Кариева, Семей көп салалы колледжі директордың оқу-өндірістік сұрақтары бойынша орынбасары М.Б.Қасымханова және Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қызметкерлері қатысты. Кездесуді аша отырып, "ҚЗТҚО" КММ директоры Б.Т. Мусин архивтің ғасырлық тарихы мен перспективалық жоспарлары туралы айтып берді. Қонақтар архившілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ынтымақтастық үшін алғыстарын білдірді. Архившілер күніне орай, архив мамандарына жоғарыда аталған басқармадан грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді.
|