|
Жаңа жылдық іс-шаралар Жарма ауданында жаңа 2023 жылды қарсы алуға арналған іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қалбатау ауылының орталық алаңында кәсіпорындар мен мекемелер арасында «Жыл он екі ай» атты мүсіндер сайысына Жарма филиалының ұжымы да өз үлесін қосты. Біздің ұжым ауданымыздың ауылшаруашылық жәнне кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп жылқы мүсінін жасады. Аталған іс-шара ауыл орталығымыздың сәнін келтіріп, тұрғындардына жаңажылдық көңіл-күй сыйлады. |