|
5 қаңтар күні «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Л.К. «Alikhan Bokeikhan university» студент-тәлімгерлеріне «Архив тарихы» атты дәріс өткізді. Дәрісте тәлімгерлерге архивтің ежелден бергі тарихымен, соның ішінде алғашқы губерниялық архивтік қор жетекшісі Н.Я. Кошкин жайында, архивтік қордағы мыңдаған құжаттар мен баспасөз құжаттары жөнінде айтылды. «ҚЗТҚО» КММ қорында табылған Шәкәрім Құдайбердіұлының фотосуретімен, орталықта жарыққа шыққан жинақтармен, басылымдармен таныстырылды. Дәріс соңында архивті таныстыру экскурсиясы жүргізілді. |