2023 жылдың 25 қаңтарында «Әлихан Бөкейхан атындағы университет» білім беру мекемесінің тарихшы студенттері «ҚЗТҚО» КММ-да болып, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Кадырова Л.К. дайындаған  жерлесіміз, ақын, абайтанушы, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтанбеков М.Р.-ға арналған шолу лекциясын тыңдады.


image-830-1222.jpg


Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбеков 1938 жылы 28 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген. Оның ақындық таланты мектеп қабырғасынан байқалды. Семей педагогикалық институтының филология факультетінің студенті бола жүріп, «Түлектер жырына» өлеңдер жазады, драматургияда өзін сынап көреді.

image-830-1223.jpg

Оның алғашқы тәлімгері жазушы-ғалым Қайым Мұхамедханов болды. Институтты бітіргеннен кейін М.Сұлтанбеков аспирантураға түседі. Мәскеу педагогикалық институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналыса отырып, республикалық баспасөзде, «Простор» журналында өлеңдері мен жазбаларын, мақалалары мен шолуларын жариялауды жалғастыруда. Мұрат Сұлтанбековтың өлеңдері Бүкілодақтық, республикалық радиодан бірнеше рет берілді.
М.Сұлтанбековтің сан қырлы таланты әр түрлі әдеби жанрдағы шығармаларда – пьесаларда, поэмаларда, очерктерде, эсселерде, ғылыми зерттеулерде, аудармаларда жүзеге асады. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман мен Мамыр», «Еңлік пен Кебек» поэмасын, Рысхан Мусиннің «Саға – өзен сағасы» романын аударып, жариялады, «Аттила» атты тарихи пьесасын «Абай» журналында жариялады.
1971 жылы «Абай өлеңдері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

image-830-1224.jpg

Студенттерге «ҚЗТҚО» КММ –да сақтаулы тұрған М.Р.Сұлтанбековтың жеке қоры туралы айтылды. Дәріс презентацияға ұласты.
Сонымен қатар «Ақын, аудармашы Мұрат Сұлтанбековтың туғанына 85 жыл» атты фотокөрмемен танысты.
Іс-шара архив ішіне экскурсия жасаумен аяқталды.