|
2023 жылғы 22 ақпанда "ҚЗТҚО" КММ-де "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ докторанттарымен кездесу өтті Кездесудің мақсаты: ҚЗТҚО-да сақталатын қорлардың құрамымен және мазмұнымен танысу, ғылыми жұмыста архивтік құжаттарды пайдалану. ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі басшысы Л. К. Қадырова "Докторлық диссертация жазу кезінде архивтік құжаттарды пайдалану" тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте архивте сақталған қорлар туралы мәлімет беріліп, зерттеушілерді құжаттармен жұмыс жасауды кезең-кезеңімен таныстырды, оқу залындағы; құжаттармен, ҚЗТҚО шығарған жинақтармен, орталықтың газет қорымен жұмыс істеу әдісі жөнінде толығырақ тоқталды. Дәріс үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар өз жұмыстарының тақырыптарына қатысты көптеген сұрақтар қойды.
|