2023 жылғы 5 мамырда  Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "ҚЗТҚО" КММ  толымдау және ведомстволық архивтер  мен құжаттаманы тексереу  бөлімінің архившісі  Н. В. Яковлева және Семей қаласының №6 гимназиясының өлкетану мұражайының бірінші меңгерушісі Л. Б. Кравченко "Семей қаласының медицина университеті" КЕАҚ әскери дайындық кафедрасының базасында өткен Жеңіс күніне арналған іс-шараға қатысты.

image-901-1359.jpg

Н. В. Яковлева Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке қорлары, Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында мемлекеттік сақтаудағы әскери кезеңдегі құжаттар туралы айтып берді.

image-901-1360.jpg

Университет кітапханасына архившілер  шығарған  «И помнит мир спасенный», «Семипалатинские дивизии», «Завтра возвращаюсь на фронт»  атты құжаттар жинағы сыйға тартылды.

image-901-1361.jpg