Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "ҚЗТҚО" КММ толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің архившісі Н. В. Яковлева 2023 жылғы 18-19 мамырда Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің   80 жылдығына арналған, Алматы қаласында өткен "Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының аудиовизуалды құжаттарын жинақтаудың, сақтаудың және оларға қол жеткізуді қамтамасыз етудің өзекті мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

image-915-1379.jpg

 

image-915-1380.jpg

Халықаралық конференция аясында Ресей Федерациясының, Польша Республикасының, Беларусь Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қазақстанның өңірлік архивтерінен келген өкілдер мен қатысушыларға архивта сақталған құжаттардың экспозициясы таныстырылды. Пленарлық және секциялық отырыстар барысында аудиовизуалды құжаттарды жинақтау, сараптау, пайдалану және олардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

image-915-1381.jpg

Конференцияның екінші күні қатысушылар аудиовизуалды құжаттау саласында жаңа цифрлық технологияларды қолдану бойынша орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар архивінің жұмысымен танысты, архив қоймасын аралады.

Конференцияға қатысушылар аудиовизуалды құжаттармен жұмыс жасау әдістерін талқылады және тәжірибе алмасты.

image-915-1382.jpg

image-915-1383.jpg