2023 жылдың 26 мамырда "Қазіргі заман  тарихын құжаттандыру орталығы" КММ-де Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткен іс-шараға "Көлік колледжі"  КМҚК студенттері қатысты

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі студенттер  назарына "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" фотокөрмесін ұсынды.

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова «Жазықсыз жапа шеккендер» атты дәріс оқыды. Дәрісте миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық туралы айтылып, 1997 жылдан бастап Қазақстанда 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтілетінін еске салды.

Студенттерге "Семей архивіндегі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының құжаттары" атты презентация көрсетілді.

Қонақтар қызықты дәріс үшін алғыстарын білдірді.