|
2023 жылдың 29 мамырында "Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығы" КММ-да өткізілген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кезекті іс-шараға "Жакия Шайжүнісов атындағы электронды колледж" КММ студенттері қатысты ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова "Жазықсыз жапа шеккендер" атты дәріс оқыды. Студенттерге 20-30 жж. Семей губерниялық атқару комитетінің ҚЗТҚО-да сақталған құжаттары туралы айтылып, біздің міндетіміз - әрбір құжат құндылығын ескеріп, болашақ ұрпақ үшін ата-бабаларымыздың тарихи мұрасын сақтау екені жөнінде атап өтілді. Студенттер орталық шығарған «Неизвестные страницы истории Семипалатинского Прииртышья (20-30г.г. XXв.)» и «Из истории величайшей трагедии казахского народа 1932-1933г.г.» құжаттар жинақтарымен танысты. Дәріс барысында "Семей архивінде саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының құжаттары" атты презентация көрсетілді. Сонымен қатар ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі студенттерге "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" фотокөрмесін ұсынды. Осындай іс-шаралардың негізінде жастарды патриотизмге, ертеңгі күнге деген сенімділікке тәрбиелейміз. |