2023 жылғы 30 мамырда "Шәкәрім атындағы университет" КЕАҚ-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарих ақиқаты: қараңғы жылдар жаңғырығы" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырысқа Абай облысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері, тарихшылар, қоғам қайраткерлері қатысты.

image-919-1392.jpg

Отырысты университет ректорының м. а., профессор И. А. Оралқанова және Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы А. С Садырбаевтар ашты.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде  "Алаш" жұмыс тобының мүшелері дайындаған роликтер көрсетілді .

Іс-шара ұйымдастырушылары Қазақстанның қоғам қайраткері, Ресей жазушылар одағының   мүшесі А. А. Әубәкіровтің Қазақстанда депортацияланғандар  жөніндегі "Дело#" архив материалдары жинағының  тұсаукесерін жасады.

"ҚЗТҚО" КММ ғылыми анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы, Абай облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс тобының мүшесі Л.К. Қадырова «Архив деректері кеңестік зобалаңды әшкерелейді" атты  баяндама оқыды. Дөңгелек үстелдің қатысушыларына алғашқы рет, бұрын еш жерде жарияланбаған А.Бөкейхановтың 1919 жылы 29 қыркүйекте Семей облысының басқарушысына Семей қаласынан Омбы қаласына шығуға рұқсат беру туралы хаты жарияланды.

image-919-1393.jpg

Отырыс жұмысын "Alikhan Bokeikhan University"АҚ "Алаштану" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Абай облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясы жұмыс тобының жетекшісі «Алаш қайраткерлерінің қилы тағдыры архив деректерінде және естеліктерде» атты баяндамасымен аяқтады.