2023 жылғы 31 мамырда "ҚЗТҚО" КММ  ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы, Абай облысының  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау  жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі Л. К. Қадырова және т. ғ. к. Абай облысының  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау  жөніндегі өңірлік жұмыс комиссиясының топ жетекшісі Т. А. Кариева саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған "Сәлем, Семей" таңғы ақпараттық бағдарламасына қатысты.

image-920-1394.jpg

Л. Қ. Қадырова ҚЗТҚО архив қорынан табылған  бұрын еш жерде жарияланбаған  А.Бөкейхановтың  1919 жылдың 29 қыркүйегінде  Семей облысының басқарушысына  Семей қаласынан Омбы қаласына шығуға рұқсат беру туралы өтініші жазылған  хатты көрермендерге паш етті.

image-920-1395.jpg

Сөз соңында  архив  қорларында  әлі күнге дейін көптеген ашылмаған құпия құжаттардың  бар болуы мүмкін екенін  атап өтті.